«Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 30 маусымдағы № 250 бұйрығы

 «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 30 маусымдағы № 250 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларында:

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) аумақтық деңгейде - астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтарын қамти отырып, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша астана, облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;

2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;

3) шұғыл және авариялық қызметтерге;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.