«Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 437 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Учаскелік комиссиялар туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:»;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: