«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 713 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 713 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 713 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру туралы және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

«1. Кіріспе» деген бөлімде:

он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан озық халықаралық тәжірибе үлгісі бойынша зерттеу университеттерін құруға ұмтылуда.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізуге қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы болып табылады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.