Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақмола облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-8 шешімі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақмола облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.