«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 38 бұйрығы

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 38 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқаулығында:

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін республикалық және тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпарат негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Есептi кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының игерілмеуі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының және төленген міндеттемелердің, бюджет қаражатының үнемделуінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің және шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың бөлінбеген қалдықтары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет қаражатының үнемделуіне:

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу;

еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі - ЕТҚ) бойынша үнемдеу (бос лауазымдардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдер, банк қызметтеріне ақы төлеу, демалысқа шығу кестесінің өзгеруі есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.