(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 шешімі

(2017.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017.03.03. № 117 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 179 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.14.08. № 195 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 144 585 419,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша - 35 729 122 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 4 432 814 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 104 423 483,2 мың теңге;

2) шығындар - 143 729 741,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 7 021 755 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 7 977 903 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 956 148 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 6 166 077,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 6 166 077,3 мың теңге.

2. 2017 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 28 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 65 пайыз және Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 пайыздан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.