ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Осы редакция 2019 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2019 жыл - 2 450 000 000 мың теңге;
2020 жыл - 2 300 000 000 мың теңге;
2021 жыл - 2 000 000 000 мың теңге.