«Ақылды» қалалар салу әдістемесін (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 258/НҚ бұйрығы
«Ақылды» қалалар салу әдістемесін (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) бекіту туралы» ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 469/НҚ бұйрығын қараңыз
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ақылды» қалалар салу әдістемесі (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) (бұдан әрі - Эталондық стандарт) бекітілсін.
2. Осы Эталондық стандарт облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне «ақылды» қалалар салу кезінде пайдалануға ұсынылсын.
3. «Ақылды» қалалар салуға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 227/НҚ бұйрығының күші жойылсын.
4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлерді цифрлық дамыту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуының бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.