«Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 503 бұйрығы (2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 503 бұйрығы

(2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.16.05. № 361 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.