«Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 138 бұйрығы

 «Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 138 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28104 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау;

2) Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру;

3) жүйелі түрлендірулер бойынша ұсынымдар қалыптастыру.»;

5-тармақтағы «желтоқсанынан» деген сөз «қаңтарынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

9-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау мыналарды қамтиды:

1) статистикалық ақпаратқа, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау бойынша салалық мүмкіндігін көрсететін динамикада, олардың өнеркәсіптік құрылымына, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің технологиялық даму және жаңғыру деңгейіне мониторинг жүргізу және талдау;

2) халықаралық және отандық ұйымдармен жарияланатын, елдің өнеркәсіптік дамуын бағалайтын жалпы танылған индектер, рейтингтер және есептерді мониторингтеу және талдау;

3) өңдеуші өнеркәсіптің экономикалық әртараптандыру индексін құру, бұл орта және жоғарғы қайта бөлу өнімдерін өндіруді және өндірілетін тауарлардың күрделілігін арттыруды ескере отырып, әртараптандыруды бағалау болып табылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.