«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 14 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есептің нысанында:
«Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері» № 1 кестесі осы бұйрықтын қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есепті қалыптастыру бойынша нұсқаулықта:
15-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2. 132-жолда ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе онда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға енгізілген ұсынулар, оларды қарау нәтижелері бойынша, оның ішінде мерзімі бұзылғандары бойынша бөлініп, тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны бойынша көрсетіледі (133-137-жолдар).».
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.