«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудіңжоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 262 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беружоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беружоспарын (бұдан әрі - беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.»;
2 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: