«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 8-НҚ Нормативтік қаулысы

«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 8-НҚ Нормативтік қаулысы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) апелляция - кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша білімді растау жөніндегі ұйым қабылдаған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;

2) апелляциялық комиссия - кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін білімді растау жөніндегі ұйым құратын комиссия;

3) біліктілік емтиханы - кандидаттың сертификаттау пәндері бойынша емтихан модулін орындау рәсімі;

4) білімді растау жөніндегі ұйым - мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар үшін білімін растау рәсімін өткізетін ұйым;

5) емтихан модулі - тест сұрақтарынан және кешенді ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;

6) емтихан комиссиясы - біліктілік емтиханының нәтижелерін тексеру мен бағалауды жүзеге асыру үшін білімді растау жөніндегі ұйым құратын комиссия;

7) кандидат - тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматы;

8) кандидаттың білімін растауы - біліктілік емтиханын тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;

9) қадағалаушылар - біліктілік емтиханын өткізу процесін қадағалауды жүзеге асыратын адамдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.