«Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Кызылжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 85 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінде уақытша топырақ сарайы үшін қосымшаға сәйкес жалпы көлемі 0,1591 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгіленсін.
Жер учаскесі бөлінетін болып табылады. Жер учаскесі «КазТрансОйл» АҚ «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» (МН «ТОН-2») ММҚ сервитутты, «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ сервитутты, «Транснефть-Урал» АҚ «Уфа-Омск», «Уфа-Петропавловск» ММӨҚ қорғау аймағын, «КазТрансОйл» АҚ «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» (МН «ТОН-2») ММҚ қорғау аймағын кесіп өтеді.