«Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 161 бұйрығы

Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 161 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеудің басым бағыттарының тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тамақтануға, тұруға, оқу әдебиетін сатып алуға, сондай-ақ тұратын жерінен тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыстар нормалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту туралы есептің нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен мамандарды даярлауға жұмыс берушінің өтінім нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің сауалнама нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттың нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.