Осы редакция 2015 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
4-қосымша
«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрлігімен мемлекеттік кірістер Комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушыны жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш (бұдан әрі - салықтық өтініш) және құжаттар берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
салық төлеушінің тіркеу карточкасын өзгерістер енгізу бойынша - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркелген жері бойынша салық органы осы мемлекеттік көрсетілетін салықтық өтінішті және құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару - жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есептен шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде табыс етілетін салықтық өтініш негізінде;