«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысының қарар бөлігінің 6-тармағына түсіндірме беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 29 мамырдағы № 45-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысы А.О. Мухамеджановтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Сот әкімшілігі басшысының орынбасары А.С. Мусралиновтың,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі - Тергеу департаменті бастығының орынбасары О.М. Кайназаровтың,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі - Министрдің бірінші орынбасары М.Ш. Қожаевтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - вице-министр Б.Ш. Жақселекованың,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі - Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі басшысының орынбасары А.К. Муратовтың,
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі - Тергеу департаменті басшысының орынбасары К. Бағбанұлының,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ж.С. Тасболатовтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,
Республикалық адвокаттар алқасының өкілі - ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі А.А. Нуркееваның қатысуымен,