(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері ұлттық жобалардың, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің негізінде айқындалады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстары лимитінің құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды.

Шығыстардың лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысы ескеріле отырып айқындалады.

Тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізіледі.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 66-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап жаңа редакцияда; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап жаңа редакцияда

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:

ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттіліктің есеп-қисабын;

ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.

 

245-бапқа сәйкес 67-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

67-бап. Бюджеттік өтінім

1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері негізінде және шегінде жасалады.

2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)

3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестицияларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Жаңа бастамалар шығыстарына:

кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға;

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі базалық шығыстарының қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.

6. Бюджеттік өтінімге:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша базалық шығыстарды қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар;

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық нәтижесін бағалау кіреді.

Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тәртіппен айқындалады.

2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;

5) түсіндірме жазба;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.

8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.

Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба:

1) есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

2) ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

5) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

6) бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтиды.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтаруға міндетті.

11. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 12-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 12-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-1-тармақ өзгертілді; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 12-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 12-1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі, бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімді ұсынудың толықтығы мен уақтылығы үшін дербес кластерлік қордың, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 12-2-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 12-2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда

13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 67-1-баппен толықтырылды

67-1-бап. Азаматтық бюджет

Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады.

Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 68-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап жаңа редакцияда; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

68-бап. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі тұрғысынан;

2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелердің көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар енгізеді.

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.