(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.

Заңды тұлғаны дамыту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.

Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

Бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзету жүргізуіне жол берілмейді.

3. Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк топтамасын иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.

Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша есептiлiкті, мониторингті және олардың нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етедi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.

6. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-тармақ 2004 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды

7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.

10. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

11. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг бекітетін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 154-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы тармақтың ережелері мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.

2. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-2-баппен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 154-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.

3. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген қорытындылар мен сараптамалар талап етілмейді.

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-3-баппен толықтырылды

154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге білікті заңды тұлғалар тартылады.

3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi.

4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес конкурс талаптарын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды ескере отырып, жүзеге асырады.

8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды

10. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалардың, үлгілік жобалық шешімдердің және қайталап қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды

11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыруды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-4-баппен толықтырылды

154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.

2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады, ол мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыруға, қажет болған жағдайда, білікті заңды тұлғалар тартылады.

 

155-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 155-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау

Концессиялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін концессиялық жобаны іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен концессия шартын жасасу, сондай-ақ шартты тіркеу.

 

155-1-бап. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

155-2-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылып өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету кезінде республикалық концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу талап етілмейді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, білікті заңды тұлғалар тартылады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жібереді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.

 

155-3-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыруға, қажет болған жағдайда, білікті заңды тұлғалар тартылады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 156-бап жаңа редакцияда

156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Мыналар:

1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);

2) бюджет комиссиясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысы болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.

Осы тармақтың ережелері мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.

2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Мыналар:

1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);

2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстары;

3) бюджет комиссиясының мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау туралы ұсыныстары мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.

 

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда

31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру

 

157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)