24) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
27-1) осы тармақтың 25), 26) және 27) тармақшаларында санамаланған алдағы төлемдерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы мен акциздерді төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер;
28) консулдық алым;
29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж;
30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31) жүргізуші куәліктерінің, тракторшы-машинист куәліктерінің, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
32) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерiнде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сақтауда тұрған, автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (телнұсқаларының) берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiнің (телнұсқаларының) берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;
37) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды
37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым;
40) 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 42) тармақшамен толықтырылды
42) көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия берілгені үшін лицензиялық алым;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 43) тармақшамен толықтырылды
43) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар;
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
2014.30.06. № 214-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) мүлікті жария еткені үшін алым;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, үкіметтік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жатқызылады.
50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың елу пайызынан аспайтын мөлшерде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
4) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.
9) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден трансферттер;
2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.
5. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер облыстық бюджет есебіне жазылады.
51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық;
7) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
9) жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
13-1) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
17) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;
20) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
22) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда
23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.
2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түскен түсімдер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне басқа да салықтық емес түсімдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады.
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің есебіне жатқызылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 52-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін түсімдер
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
5) 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;
7) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);