(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТӨЛЕМ ҰЙЫМЫ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ МӨЛШЕРІ...

Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 129 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 19 ақпанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Төлем ұйымы жарғылық капиталының мынадай ең төменгі мөлшері белгіленсін:

1) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 50 000 000 (елу миллион) теңге;

2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

3) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 40 000 000 (қырық миллион) теңге;

4) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін көрсету үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

2. Көрсетілетін төлем қызметтерін қоса атқарған кезде төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері:

1) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтері үшін 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.