Мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 Қаулысы
(2014.16.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 13 сәуірдегi
№ 347 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын
басқару орталықтарының
ТIЗБЕСI
Мыналар мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтары болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Байланысты басқару пунктi.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ақпараттық-техникалық қызмет департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ақпаратты қорғау және жұмылдыру жұмысы бөлiмi.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Ақпараттандыру мен инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаментi ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiмi.