«Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 19 сәуірдегі № 165/НҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 276 бірлескен бұйрығы

Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 19 сәуірдегі № 165/НҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 276 бірлескен бұйрығы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске асырылсын.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы жылжымайтын мүлік кепілі шарты негізінде құқық ауыртпалықтарын тіркеу алгоритмі бекітілсін.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін платформалар ұсынатын пилоттық жобаға қатысу үшін ұйымдарға:

1) «Smart Bridge» арқылы дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылаудың сервисіне (бұдан әрі - ДҚБ сервисі) қосылуды қамтамасыз етсін;

2) Пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес, ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.

4. Ұйымдар, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 38-бабының 2-1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, 54-бабы 3-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бүйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметті» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес, интеграцияны қамтамасыз етсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.