«Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 408 бұйрығы

 «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 408 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 12-бабы 4-тармағының 5-абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шілдеде № 23538 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) объект (III санат) - Кодекске 2-қосымшаға сәйкес шегінде қызмет түрлері жүзеге асырылатын объект немесе құрылыс алаңы (ғимарат, құрылыс немесе олардың кешені).»;

12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінің 2-тармағында көзделмеген мерзімдерге сәйкес келмейтін қызмет түрлерін қоспағанда, ұзақтығы бір жылдан кем құрылыс операцияларын жүргізу;»;

5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілерді I, II, III немесе IV санаттардағы объектілерге жатқызу қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау, көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу кезінде, сондай-ақ оператор жоғарыда санамаланған екі рәсімді ескермей, осы Нұсқаулыққа 4-тармағына сәйкес қызметтің санатын растау үшін Оператор дербес жүзеге асырады:

1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жататын белгіленіп отырған қызметке қатысты және қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу кезінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.