(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚЫЗМЕТТІК ЖӘНЕ КЕЗЕКШІ АВТОМ...

Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен және техникасымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

2. Кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мемлекеттік органдар үшін жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

Ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджет комиссиясы, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары қолданылмайды.

Мемлекеттік органдар ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджет комиссиясы, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметінің ерекешелігін ескере отырып, қажет болған жағдайда кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің ішкі тәртібін дербес әзірлейді және бекітеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.