«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығы (2023.28.02. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығы

(2023.28.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.02.02. № 2-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.09.02. № 152 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.