Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/04 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;