Жауапты тұлғаларды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 255 бұйрығы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қаулысы
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа және қаулыға қосымшаға сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасасу және инвестициялық басым жобаны Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен сүйемелдеу үшін жауапты тұлғалар айқындалсын.
2. Осы бірлескен бұйрықтың және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.М. Аукеновке жүктелсін.
3. Осы бірлескен бұйрық және қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |