(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

16) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 52-1-баппен толықтырылды

52-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер

1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;

2) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру үшін төлемақы.

2. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:

1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер болып табылады.

4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

 

 

9-тарау. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу

 

ҚР 2009.02.12. № 212-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 373- IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-бап өзгертілді

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;

Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, референдумдар мен сайлаулар өткізу;

республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

мемлекеттік кіріс органдарының қызметі;

республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;

республикалық меншікті басқару;

оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;

мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, қаржы мониторингі;

мемлекеттің сыртқы саяси қызметі;

іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;

мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметі;

мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлі қызмет салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;

саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;

мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы іс-қимыл;

мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

азаматтық қорғау және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;

жаһандық, өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;

кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;

азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргізу;

экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметі;

көші-қон іс-шараларын іске асыру;

жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау;

халықты құжаттандыратын және тіркейтін тіркеу пункттерінің жабдықтары мен ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін жүзеге асыру;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:

әділет саласындағы қызмет;

азаматтардың және мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау;

істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау;

заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;

сот сараптамасы қызметі;

сот жүйесінің жұмыс істеуі;

қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) білім беру:

республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;

республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді мамандар даярлау;

республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерінде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) денсаулық сақтау:

денсаулық сақтау ұйымдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі;

республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;

психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететін адамдарға медициналық көмек көрсету;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;

ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;

айрықша қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл;

республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру;

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;

әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;

саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасы ның заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер;

оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету;

көші-қон саясатын іске асыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;

мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;

халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерінің дамуын қолдау;

жоғары жетістіктер спортын дамыту;

спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;

мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату;

республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық кітапханалардың жұмыс істеуі;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;

республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесін қамтамасыз ету;

судың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу;

су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;

республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау;

республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік мониторингі;

орман шаруашылығын жүргізу;

орман тұқым шаруашылығы және селекция;

мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу;

ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;

балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;

балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі;

республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;

І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

қоршаған ортаға эмииссияға І санат объектілері үшін рұқсат беру;

гидрометеорологиялық мониторинг;

республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;

мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу;

топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;

жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;

фитосанитариялық мониторинг;

карантиндегі өнімнің зертханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;

карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;

қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;

аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу және тауар интервенцияларын жүргiзу;

сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;

ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;

агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;

агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;

екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

ауылшаруашылық өнімін шығаруды басқару жүйелерін дамыту;

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;

өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;

суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:

мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;

отын-энергетика кешенін дамыту;

жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингі;

мемлекеттік геологиялық зерттеу;

геологиялық ақпаратты қалыптастыру;

кеніштер мен шахталарды жабу және жою, техногендік қалдықтарды көму;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзірлеу;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау;

9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:

республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) көлік және коммуникациялар:

ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жүріп өткені үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

су көлігі қызметін ұйымдастыру және реттеу;

кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтiп-ұстау және кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;