(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР ҚОЙНАУЫ ҚОРЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ КАДАСТРЫН ...

Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығы

(2020.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 72-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.