«Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № ҚР ДСМ-49 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-4 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 69-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11233 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу нәтижелері бойынша берілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымының (бұдан әрі - сараптама ұйымы) қорытындысының негізінде дәрілік затты рецептімен босатуға жатқызу жөнінде шешім қабылдайды.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: