«Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 3 маусымдағы № 116 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген):
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;