«Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 3 маусымдағы № 116 бұйрығы

«Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 3 маусымдағы № 116 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген):

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

ағаш діңін ақтау;

бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

шөп шабу, арамшөптерді жою;

жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

ағаш тәжін тәждеу;

ағаштардың тәжін қалыптастыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.