(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ВЕДОМСТ...

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығы

(2020.01.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының Арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің және оның аймақтық бөлімшелерінің Арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 251 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11031 болып тіркелген, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 маумырдағы № 337 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11545 болып тіркелген, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 шілдеде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Е.С. Қалас) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.