«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII Заңы

Предыдущая страница

2) 22-1-баптың тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша:

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын» деген сөздер «Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«сондай-ақ» деген сөзден кейін «авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің,» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын;

2) 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 22) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Мыналар:

1) бірыңғай цифрлық платформа арқылы шарттар жасасу жөніндегі міндеттемелер эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары үшін - осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап, театрлар, кинотеатрлар, филармониялар үшін - 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, қалған пайдаланушылар үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

2) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар авторлармен, құқық иеленушілермен және пайдаланушылармен жасасқан шарттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданысын жалғастырады. Бұл ретте құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде оларды цифрлық форматқа көшіру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;

3) осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы, 6) тармақшасының оныншы және он екінші абзацтары, 14) тармақшасының екінші абзацы, 19) тармақшасының үшінші абзацы, 20) тармақшасының екінші абзацы, 22) тармақшасының он бесінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі;

4) осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 6) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары, 6-тармағы 9) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары, 7-тармағы 15) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары, 8-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін аттестаттаудан өткен патенттік сенім білдірілген өкіл өз қызметін көрсетілген мамандандырулар бойынша 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы, 6) тармақшасының оныншы және он екінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«21-1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі - бірыңғай цифрлық платформа) - сараптама ұйымының құқықтарды ұжымдық басқару саласында оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін осы Заңға сәйкес ұсынатын ақпараттық жүйесі;»;

«7) бірыңғай цифрлық платформаны мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаның ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;»;

«9) бірыңғай цифрлық платформада орналастырылған деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;».

 

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 24 қараша

             № 233-VIII ҚРЗ