«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш.
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған;
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.