«Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 2970 Қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 2970 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Қызылорда қаласы әкімдігінің регламенті бекітілсін.

2. Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы А. Есжановқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі

Н. Нәлібаев

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 6 наурыздағы

№ 2970 қаулысымен бекітілген

 

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің

регламентi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қызылорда қаласының әкімдігі (бұдан әрі-әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіру жүргізуді қамтамасыз етеді.

2. Әкім әкімдік құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.

Әкім әкімдік мүшелерінің санын айқындайды.

Әкім әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және қалалық мәслихаттың сессиясының шешімімен келісіледі.

3. Әкімдік қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.

4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдауды тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді Қызылорда қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі-аппарат) жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.