«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 552 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 552 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери қызметшілерді әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді, медициналық қарап-тексеруді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуді, оның ішінде өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады.

Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алмай жүзеге асырады. Әскери-медициналық мекемеде (медициналық бөлімшеде) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек алу үшін тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде әскери қызметші тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.