«Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 407 бұйрығы

Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 407 бұйрығы

 

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 37-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.