Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 12-23 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7614-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне: