«Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 584 бұйрығы

«Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 584 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережесі:

10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін жәрдемдесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну ІАҚ негізгі мақсаты болып табылады.»;

11-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;»;

12-тармағында:

3) тармақшасына өзгертулер орыс тілінде енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгеріссіз қалады;

6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін бюджеттік шығыстармен өзара байланыста, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;»;

14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«14. ІАҚ міндеттері:

1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.