(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БӨГЕТТЕРДІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАНАТЫН БӨГЕТТЕРГЕ ЖАТҚЫЗУ КРИ...

«Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12660 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістерді енгізуді:

Келтірілген бұйрықпен бекітілген Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларында:

3-тармақ келесі редакцияда келтірілсін:

«3. Тіркеу шифрін беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияда (бұдан әрі - бассейндік инспекция) тіркелуі тиіс.

Бассейндік инспекцияның бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.»;

6-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда келтірілсін:

«12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік инспекцияны, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;»;

10-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда келтірілсін:

«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптамадан өтуі және бассейндік инспекцияда тіркелуі тиіс.»;

13 және 14-тармақтар келесі редакцияда келтірілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.