(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІ...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жобалық басқару туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 192 бұйрығы

(2021.02.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалау қызметін жүзеге асыру қағидаларының 66-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жобалық офисі;

2) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бағдарламасының басқарушы комитеті құрылсын.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.02.09. № 317 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы;

2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдерді бекіту;

3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бағдарламасы жобаларының тізбесі бекітілсін.

4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобалық басқарудың регламенті бекітілсін.

3. Базалық бағыттардың жетекшілері тиісті базалық бағыттар мен жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.