(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНА Ш...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 Қаулысы

 

Осы редакция 2017 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1198 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті комиссия - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарайтын комиссия, оның ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының шетелдік жұмыскері - (бұдан әрі - шетелдік жұмыскер) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына еңбек шарты бойынша тартылған шетелдік.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.