«Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 388 бұйрығы (күші жойылды)

«Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 388 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 146-н/қ бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10862 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясын есептеу үшін барлық тұтынушылардың жылу тұтыну жүйелері коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес жылу энергиясын есептеу үшін есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етеді.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.