«Тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 435 бұйрығы (күші жойылды)

Тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 435 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ, ресми жариялау және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.