«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 38/ҚЕ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11022 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған, 2015 жылғы 19 маусымдағы № 114 (28592) «Егемен Қазақстан» және 2015 жылғы 20 маусымдағы № 115 (27991) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Жаңаөзен қаласы және Қарақия ауданы бойынша басқармасы. Қызмет көрсету аймағы - Жаңаөзен қаласы және Қарақия ауданы;».