Ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың қағидаларын, мерзімін және нысандарын, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 158 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 2 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың қағидалары, мерзімі және нысандары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсынудың қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;