«Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 636 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9522 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
2-бөлімде:
2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5 Оңалту жоспарын*, оңалту жоспарына өзгертулерді және толықтыруларды енгізіп* бекіту туралы сот ұйғарымы 20__ жылғы
«___»________________________________________ шығарылды.
(соттың атауы)
Оңалту жоспарын, оңалту жоспарына өзгертулерді және толықтыруларды келісу туралы кредиторлар жиналысының 20___ жылғы «___»_____________ № _____хаттамасы.»;
мынадай мазмұндағы 2.6-тармақпен толықтырылсын:
«2.6 Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімі 20__ жылғы
«___»_________________________________________________ шығарылды;