«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 411 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Алдыңғы аймен салыстырғанда ағымдағы айдағы жергілікті (облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттер түсімдерінің санаттары бойынша кірістер түсімдерінің өсу немесе төмендеу себептерін талдау осы Нұсқаудың 1-қосымшасына сәйкес І, ІІ нысандар бойынша жасалады.
Көрсетілген қосымшаның І нысанында жергілікті (облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттердің салық және төлемдерінің негізгі түрлері бойынша, өткен аймен салыстырғанда есепті айдағы түсімдердің өсу немесе төмендеуі байқалатын ерекшеліктер көрсетіледі. Салықтар мен төлемдердің өсу немесе төмендеу себептерінің түсіндірмелерде көрсетілген кезеңдер бойынша түсімдердің құлдырауына немесе өсуіне әсер еткен факторлар көрсетіледі.
ІІ нысанда олар бойынша есепті айда жоспарланбаған сипаттағы біржолғы түсімдер байқалған ерекшеліктер көрсетіледі.